Қазақстандағы театрлар

«31 арна» «Информбюро»

Қазақстандағы театрлар әлі күнге әкім-қаралардың қас-қабағына қарайлап келеді. Құлағалы тұрған ескі ғимаратта, аз ғана жалақы үшін еңбек етіп жатқан әртістердің бұл хәлі ешкімге де жасырын емес. Оның үстіне, театр басшылары өз жазбаларын сахналап, қойылымдардағы басты кейіпкерлерді ет жақындарына ойнататыны да ел арасында желдей есіп жүрген ақпарат. Бүгін осы жайтты мәжіліс депутаттарының алдында жаңалық қылып жайып салған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өнерге араша түсуге өзінің шарасыздығын да мойындады

 

Гүлім Рысқұл